Елбасы Жарлығымен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Самат Сатыбалдыұлы Әбіш 1978 жылы 20 тамызда Алматы облысында туған. Қазақ.
Әкесі - Назарбаев Сатыбалды Әбішұлы. Анасы - Назарбаева Светлана Мырзахметқызы, «Дәуір» баспасының жетекшісі.
ҚР ҰҚК академиясын (2000); РФ СБҚ академиясын (2002) бітірген.
Қазақ, орыс және неміс тілдерін біледі.
2000 жылдан - ҚР ҰҚК органдарында қызмет атқарған. 2006 жылдың маусым айынан - ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-үдерістік және қылмыстық-атқару заңнамасы басқармасының қылмыстық-атқару заңнамасы бөлімінің бастығы, 2006 жылдың қыркүйек айынан - ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті төрағасының орынбасары, 2007 жылдан – төрағасы, 2008 жылдың қазан айынан - ҚР Әділет министрлігінің жауапты хатшысы, 2010 жылдан бері - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Орталық аппараты Мамандар департаментінің бастығы, 2011 жылдың қарашасынан Астана қаласы бойынша ҰҚК департаментінің бастығы, 2013 жылдың наурызынан бастап ҰҚК төрағасының орынбасары лауазымдарын атқарған.
«Ерен еңбегі үшін» (2007), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.