СЕМЕЙДІ СУ БАСЫП ЖАТЫР (ФОТО, ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708210314026_small.jpg

Желтоқсан айы семейліктер үшін үлкен қолайсыздықтар туғызды. Ұзаққа созылған жылы күн райы салдарынан қала көшелерін су басып жатыр, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Соңғы екі аптада коммуналдық қызмет мамандары көшелер мен жертөлелерден 2650 текше метрден астам су сорған.

Қазір Семейдің көтерме базары айналасында және бірнеше көшесінде қар суы мол жиналып қалған. Мамандар мұны қар суының көптігімен және су ағарлардың тиісті талапқа сай болмауымен байланыстыруда.

Төтенше жағдайлар басқармасындағылар 29 желтоқсаннан бастап күн салқындап, қардың еруі тоқтайды деп болжап отыр.

 

 

 

 

Қатысты Мақалалар