Ресей Федералдық ғарыш агенттігі таратылды

/uploads/thumbnail/20170708210315901_small.png

Ресей Президенті Владимир Путин Федералдық ғарыш агенттігін тарату туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі.

Құжатта оның орнына ғарыштық мемлекеттік бірлестік құрылатыны туралы жазылған.

«2015 жылдың 13 шілдесінен бастап «Роскосмос» ғарыш қызметі бойынша Мемлекеттік бірлестігі» туралы Федералдық заңына сәйкес Федералдық ғарыш агенттігін таратуға қаулы етемін», - делінген Жарлықта.

Сондай-ақ онда агенттіктің қызметіне қатысты құжаттар енді «Роскосмостың» ғарыш қызметі бойынша Мемлекеттік  бірлестіке қатысты қолданылатыны айтылған.

Жарлық 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, деп жазады ТАСС.

 

 

 

 

 

Қатысты Мақалалар