Жүзгіш әйелге акула шапты (фото)

/uploads/thumbnail/20170708210415120_small.jpg

Испанияның Канар аралдарына дем алуға келген әйел күтпеген жерден жан тапсыра жаздады, деп хабарлайды 24.kz.

Мадридтің 38 жастағы тұрғыны арал маңындағы суда жүзіп жүріп, акуланың арбауына түсіп қалды. Жағадан шамамен 20 метр қашықтықта жүзіп жүрген ол, кенет өзіне таяп қалған сұры акуланың сұлбасын байқайды. Әп-сәтте тап берген акуланың қолға жармасып үлгіргенін сезген кезде, жүзуші жыртқышты тізесімен теуіп, сау қолымен соққы береді. Акула өз-өзіне келем дегенше, жүзе жөнелген әйел одан солай қашып құтылған.

 

Қатысты Мақалалар