Жезөкшелер қызметтерін заңдастырып, жеке кәсіпкер ретінде тіркелулеріне болады. Бұл туралы адвокат Жангелді Сүлейменов мәлімдеді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Tengrinews.kz – ке сілтеме жасап.
Адвокаттың айтуынша заңнамада жезөкшелікке айыппұл салу 1987-2001 жылдар аралығында арнайы баппен бекітілген. Кеңес кезінде жезөкшелікпен айналысқаны үшін 100 рубль айып салынатын болған. Ресейде қазір осы заң бабы сақталып, жеңіл жүрістілерге 1500 рубль көлемінде айыппұл салынады екен.

«Қазақстанда 2001 жылы жаңа Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі қабылданды. Мұнда аталған бап қарастырылмады. Осы уақыттан бастап жезөкшелік заңды қызмет болып табылады деп санауға болады. Мұнда кей баптардың жоғалып кетуін заң жасаушылар байқамай қалған», - деген адвокат қазір жезөкшелерге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 449-бабы (қоғамдық орында мазаны алу) қолданылып жүргенін ескертті.
«449-бап қоғамдық орында сексуалдық қызмет ұсынуға тыйым салады. Яғни, қоғамдық орындардан басқа жерлерде мұндай қызмет көрсетуге тыйым жоқ. Жезөкшелік – жыныстық сипаттағы қызметтерді жүйелі түрде ақылы көрсету. Яғни, кәсіпкерлік нысаны бола алады. Тағы бір жәйт, азаматтық кодексте 380-бап «Келісім-шарт еркіндігін» қарастырады. Мұнда тараптар заңда көрсетілген де, көрсетілмеген де келісімдерге келулеріне болады. Сексуалды қызмет көрсетуге мұнда да тыйым салынбаған. Келісім ауызша да, жазбаша да жасалуына рұқсат. Осыған қарап отырып, біз қазір жезөкшелікті заңдастырудың қажеті жоқ, өйткені, ол қазірдің өзінде заңдастырылып қойған», - дейді заңгер.