Н.Назарбаев: Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында ел алдында маңызды міндеттер тұр

/uploads/thumbnail/20170708210431105_small.jpg

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қызметкерлерімен кездесті, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Шараға сондай-ақ Президенті Әкімшілігінің басшысы Н.Нығматулин, Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова, Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаев, құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері қатысты.

Кездесу барысында Президент Әкімшілігінің 2015 жылғы қызметінің қысқаша қорытындылары шығарылды.

Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында ел алдында маңызды міндеттер тұрғанын, оларды ойдағыдай жүзеге асыру көп жағдайда мемлекеттік қызметшілердің кәсіпқойлығына байланысты екенін атап өтті.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы қатысушыларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, мықты денсаулық, жемісті қызмет және игілік тіледі. 

 



 

Қатысты Мақалалар