Ресейліктер қазақ қызын «секс-символ» атады

/uploads/thumbnail/20170708210442433_small.jpg

Ресейлік «МИР 24» телеарнасы қазақ волейболшысы Сәбина Алтынбековаға өткен жылдың спорттық оқиғаларын қорытындылай келе «секс-символ» деген атақ берді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Vesti.kz– ке сілтеме жасап.

Аталған БАҚ қазақ спортшысының спортта қандай да бір үздік нәтижелерге қол жеткізбей-ақ әлемді сұлулығымен таң қалдырғанына мән берген.

«Сәбина Алтынбекова Азияның нағыз секс-символы бола білді. Оның жастар арасындағы Әлем чемпионатынан соң даңқы артты. Қазір Сәбина танымалдық жағынан кино жұлдыздарынан кем түспейді. Табынушылары оған көшеде жол бермейді» делінген телеарна таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда жапондық GSS Sunbeams клубында жаттығып жүрген Сәбина Алтынбекованың сұлулығына 2014 жылы жастар арасында волейболдан өткен әлем чемпионатында қытайлықтар таң қалып, әлеуметтік желілерлі шулатқан еді.

 

Қатысты Мақалалар