2015 жыл алматылықтар үшін несімен есте қалды? (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708210443714_small.jpg

Қой жылы оңтүстік астанамыз Алматы жұрты үшін несімен есте қалды? Алып шаһарда қуанарлық та, көңіл жабырқататын да сәттер көп болыпты, - дейді 24.kz.

Сәуір айында қала тұрғындары үшін қуанышты оқиға болды. Метрополитен желісі 3 шақырымға ұзарып, халық тығыз орналасқан аудандарға жетті. Бұл жолаушылар тасымалының ыңғайлы әрі жылдам түрі. Жерасты жолымен осы күнге дейін 20 миллион жолаушы тасымалданған.

Ал, маусымның аптап ыстық күндері алматылықтардың зәре құтын қашырып, біраз әбігерге салды. Сел жүріп, таудан келген лай су Қарағайлы ықшамауданындағы жүздеген үйге нұқсан келтірді. Алайда жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей, бұл ауылды қалпына келтіру жұмыстарына үлкен-кіші демей, барша жұрт атсалысты.

Лилия Құлынбаева, Қарағайлы ықшамауданының тұрғыны:

- Солдаттарға көп-көп рахмет. Бір минут отырмай, «сізге келіп көмектесеміз» деп 15 солдат есік алдымды ашып берді 13 жастағы Дияс көмекке келгендердің ішінен елгезектігімен танылған батыр бала. Көпке үлгі болған балаға қала әкімдігі алғыс айтып, сыйлық жасады. Қарағайлыдағы қайғылы жағдай салдары қалыпқа келе бастағанда Алматыда ерекше қуанышты жаңалық болды. Дүниеге төртем келді. Үш қыз бір ұлды дүниеге әкелген аяулы ана Баян Абдулинаның жүзінен мейірім нұры төгіледі.

Баян Абдуллина, төртемнің анасы:

- 11-12 аптада мен Қалқаман ауруханасына түскен кезде сол жерде дәрігерлер төртем екенін анықтады. Алғашында жолдасым екеуміз өзіміз түсінбей қалдық.

Биыл қауіпсіз деп саналатын трамвайларды не түлен түрткені белгісіз, қалада қоғамдық көлікті дұрыс тізгіндемеу салдарынан екі рет ірі жол апаты болды. Бірнеше көлікті жайпап өтіп, 20 шақты жүргізушіге шығын әкелген оқиғадан кейін арнайы комиссия тарамвайларды уақытша тоқтатты. Енді қала әкімдігі депоны жаңартып, ескірген темір жолдардың орнына жаңа жүрдек электр вагондарын іске қосуды жоспарлап отыр.

Биыл тамыз айында Алматыда тағы бір көңілге қаяу түсірген жағдай болды. Жетісу ауданындағы Тобаяқов көшесінде орналасқан ескі үйлердің бірінен шыққан өрт айналаны жалмап, көрші үйлерді де түгел күлге айналдырды. Сол кезде бір мезетте 60 адам үйсіз-күйсіз қалған. Бастарына күн туған жандар жергілікті әкімдіктен жанашырлық пен көмек қолы созылады деп ойламаған болатын.

Ал, жаңа жыл қарсаңында оларға үй берілді. Қала бюджетінен қаржы бөлініп, Төтенше жағдай департаментімен бірігіп, аз уақытта әр отбасыға заман талабына сай, ыңғайлы 2 бөлмелі баспана салынып берілді.

Мария Сатыбалдиева, қала тұрғыны:

- Басымызға іс түскенде ойлағанымыз жоқ, далада қалдық дедік. Ал бүгінгі таңда жаңа қонысқа кіріп жатырмыз. Рахметімізді айтамыз. Қуанышқа кенелген 15 отбасы жаңа жылды жаңа пәтерде қарсы алатын болды.  


 

Қатысты Мақалалар