«ҚТЖ» менеджерлері жолсерік болмақ

/uploads/thumbnail/20170708210748248_small.jpg

«Жолаушылар тасымалы» АҚ менеджерлері жолаушылар пойыздарында жолсерік ретінде қызмет атқаратын болады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компания басшылары жолаушы көліктерінде көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мақсатында осындай бастама көтеріп отыр. Қаңтар айында компанияның басқарма басшысы Нұрдәулет Қилыбаев бастаған менеджерлері пойыздарда жолсерік рөлінде қызмет көрсетпек.

«Жолаушылар тасымалданатын 17 бағыт бойынша компанияның 30 менеджері жолсерік ретінде қызмет көрсетеді. Олар әр рейс алдында талапқа сай нұсқаулық өтеді, вагондардың сумен, отынмен, төсек орынмен қамтамасыз етілуін, техникалық жағдайын бақылайды» делінген компания таратқан хабарламада.



 

 

Қатысты Мақалалар