Қазақстандықтар қай байланыс операторларына жаппай көшуде?

/uploads/thumbnail/20170708210750920_small.jpg

Жаңа заңнамаға сәйкес, елімізде азаматтар ұялы байланыс операторларының қызметіне еркін ауыса алатын болды. Осы өзгерістерге орай ҚР инвестициялық даму жөніндегі министрліктің байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Өзгерістерге сай, 1 қаңтардан бастап тұтынушылар телефон нөмірлерін сақтай отырып, басқа байланыс операторының қызметіне ауыса алады.

Комитет таратқан хабарламаға сәйкес, 8 қаңтар күні сағат 12.30-ға дейін «Алтел» байланыс операторына 982 абонент, «Теле 2» операторына 558, «Билайнға» 407, «Kcell» операторына 343 абонент ауысқан.

Осы жылдың алғашқы сегіз күнінде «Kcell» операторының қызметінен 1218, «Билайннан» 565, «Tele2-ден» - 381, «Алтелден» 126 абонент бас тартқан.



 

 

Қатысты Мақалалар