Оралда өрт болып, бір әйел қаза тапты

/uploads/thumbnail/20170708210800186_small.jpg

Бүгін Линдовская көшесіндегі 7 үйдегі өрт жөніндегі хабар сағат 11.39-да келіп түскен. Бұл туралы "Қамшы" порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жеке үйдегі өрт орнынан 1962 жылғы әйел адамның денесі табылды. Жалпы аумағы 70 шаршы метрді қамтыған өртті сөндіруге үш техника қатысты.

Айта кетейік, бұл - биылғы алғашқы қайғылы оқиға. Өткен жылы тұрғын үйдегі өрт салдарынан 10 адам көз жұмды.

Қатысты Мақалалар