Алматыда жылу құбыры жарылды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708210801186_small.jpg

Алматы қаласының Медеу ауданында жылу магистралының диаметрі 500 милиметрлік құбыры жарылды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Қалдыаяқов пен Қазыбек би көшелерінің қиылысындағы құбыр желісі түскі бірлер шамасында жарылған. Бұл туралы видеоны әлеуметтік желіге Nurs Noise есімді қолданушы орналастырған.

Құбырдан аққан ыстық су көше бойында және арық ішімен ағып жатыр.

Алматы жылу-энергетика кешенінің өкілі Ян Гириннің хабарлауынша, 1993 жылы пайдалануға берілген құбыр, көнергендіктен жарылуы мүмкін. Апат салдарынан бір көп қабатты үй мен 6 әкімшілік ғимараты жылу желісінен ажыратылған. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.



 

 

Қатысты Мақалалар