Әнші, сазгер Лұқпан Жолдасов 50 жас мерейтойында Астана қаласында шығармашылық кеш өткізеді. Бұл күн әншінің туған күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Концерт Астана қаласы əкімдігі, Астана қаласы Мәдениет басқармасы басшысының қолдауымен жүзеге асқалы отыр, - деп хабарлайды "Қамшы" порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Сонымен қатар әнші шығармашылық кешін Тәуелсіздігіміздің 25 жыл құрметіне арнайтынын әлеуметтік желідегі жеке парақшасында айтып өтті.
«Өмір-өзен» деген атау алған концертке «Музарт», Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі, Алтынай Жорабаева, Әли Оқапов сияқты қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары қатысады. Сонымен қатар, әншінің қол астынан түлеп ұшқан «Заман» тобы, Бердібек Құлғараев, Димаш Құдайбергеновтер де өнер көрсетеді. Өнер жұлдыздары сазгердің осы уақытқа дейін жазған әндерін орындайды. Бұған қоса әнші концертте ерекше тосынсыйлар болатынын айтты.
Пікір қалдыру