Жалғасы. Басы мына сілтемеде.
Тарих тағлымы: Атам Қазақтың бүкіл мен бүгін деген сөздерінің түбірі «үкі, үгі» болатыны да осыдан. Құрметті оқырман! Еске ұста! Сөз түбірі (өз түбі, өз атасы) ешқашан жаңылысып көрген емес. Аталарымыз тарихты осылай жазған, аталарын осылай сыйлаған. Сөз жасасаң, осылай жаса. Тарих жазсаң, осылай жаз. Даналық деп осыны айт!
Ежелгі шежірелердің бәрінде Нұқ пайғамбардың Хам (Қам), Сам (Шам) және Иафес есімді үш ұлының болғандығы айтылады. «Нұх пайғамбар үш ұлын үш тарапқа: Хам атты ұлын Үндістан жаққа, Сам атты ұлын Иран жаққа, Иафес атты ұлын солтүстік жаққа жіберді. Үшеуіне айтты: «Адам перзенттерінен үшеуіңізден өзге ешкім қалған жоқ, үшеуіңіз үш жұртқа отырыңыз, ұрпақтарыңыз көп болса, сол барған жерлеріңізді жұрт етіп отырыңыз».
Иафес атасының әмірімен Жуды (қазіргі атауы Қазығұрт М.Қ.) тауынан кетіп, Еділ мен Жайық суының арасына қоныс тепті. Иафестің сегіз ұлы бар еді, ұрпақтары көп болды. Олар мыналар: Түрік, Хазар, Сақлап, Орыс, Мең, Шын, Кеймар, Тарих. Иафес өлерінде өз орнына үлкен ұлы Түрікті отырғызып, өзге ұлдарына: «Баршаңыз Түрікті патша біліп, оның сөзінен шықпаңыздар», -деп өсиет қылды, оған Иафес ұғланы (оғланы) деген лақап қойды» (Әбілғазы «Түрік шежіресі»).
Өздеріңіз көріп отырғандай Нұқ пайғамбардың өз қауымы, яғни оның руластары бүгінгі қазақ даласында, яғни қазық жұртта (Қазығұртта) қалып отыр. Егер біле білсең, яғни сөз түсінер ақылың мен білімің болса олардың сол жерде әлі отырғанын да, сол Нұқ пайғамбар қауымының осы біз сөйлеп жүрген қазақтың Ана тілінде сөйлегенін де бағамдауға тиіссің.
Қазақ атамның бізге қалдырған өсиеті бойынша Аллатағала дүниені жаратқанда бәрі-бәрін үш-үштен жаратқан. Аллатағала деген сөздің өзі де Алла, Ата және Аға деген үш киелі ұғымнан тұрады. Бүкіл жаратылыстың да үш анасы бар: Ауа ана, От ана және Жер ана. Аллатағала бүкіл ғарыш-ғаламды да, соның ішінде адамды да осы үшеуінің қоспасынан жасаған. Үш саны мен, сен және ол. Үш саны адамзат баласын (Құдайкенің көшін) бүкіл әлемдік топан судан алып шыққан Қосай атамыздың сандық атауы. Қосайдың сөз түбірі «Ос» (жер өз осінде айналады), яғни өзек деп аталатыны осы. Олар Құдайке елінің көшін ана «дүниеден» мына «дүниеге» жалғаған көпір. Мына батыс елдерінің ғарышты Космос (Қосай мост-Қосай көпір) деп жүргендерінің сыры осы.
2007 жылы 360 әулиелі киелі Маңғыстаудағы Қаратаудың ең биік шыңдарының бірі Отпан тауға «Адай Ата-Отпан тау» тарихи кешені салынып, Адай ата кесенесі бой көтергелі бері жыл сайын атадан қалған өнегелі жол, қалыптасқан дәстүр бойынша, Адай ата ұрпақтары кезек кезегімен Отпан таудың басында Бірлік отын жағып, 14 наурыз күні Амалды қарсы алып, ынтымақ пен бірліктің тойын тойлап келеді. Биылғы кезек – Адай атаның екінші немересі – Үшінші буын ұрпағы — Аға баласы - Қосай ата ұрпақтарының еншісіне тиді.
Отпан тауда жағылған оттың ғұмырының ұзақ болуын Алладан тілеп, осыған қолымыздан келген үлесімізді қосайық, Ағайын! Өсіңдер! Өніңдер! Ұлы аталарыңызға лайық ұрпақ тәрбиелеңіздер! Ошақтарыңыздың оты сөнбегей!
БІРЛІК ОТЫН МӘҢГІ БІРГЕ ЖАҒАЙЫҚ!
Мұхамбеткәрім Қожырбайұлы,
Маңғыстау
Пікір қалдыру