АР ДАҒДАРЫСЫ (Әңгіме. Жалғасы)

/uploads/thumbnail/20170708211503864_small.jpg

Жалғасы. Басы мына сілтемеде.

Маралдың  туып  өсен  жері Қызылорда  өңірі.   Олда  жастайынан  қиындықты,  қазақи  әділетсіздікті,  жамандықты   көп  көріп  өседі.Әкесі жеті  жасқа  келгенде 1999 жылдың   қысында өзіне-өзі  қол  жұмсап  асылып  өледі.  Ол  кісі ақты - ақ,  жаманды-жаман  деп  бетке айта  аладын мәрт  азамат болыпты. Әсіресе, жемқорларға қаны   қарсы екен.Бір  күні  өзі  жұмыс   істейтін  ұжымның директорына  келіп: « айналайын , өз халқыңды   алдағанды қой, олардың  маңдай  терлерімен  тапқан еңбек   ақыларын жемеңіз» деп  ескерту  жасайды. Құтырған  басшы  одан  сайын жұлынады. Елді  тапа  тал түсте  алдауын  және  бюджеттің  жұмысшыларға  бөлген   ақшасын тойымсыздықпен  тонауын    қоймайды.  Соған  шыдамаған, Маралдың әкесі    жаңағы  жемқор  директорды  кабинетінде   өз  қолымен     қылғындырып  өлтіреді.Марал  шешесі және  бауырларымен бірге   қысы  жазы  талмай еңбек  етеді. Ол  тоғызыншы  сыныпты бітірген  тұста  шешесінен  айырылады. Мамасы   инфарктан   қайтыс  болады.Әке-шешесіз  жағдай  күрт  қиындайды. Соны  пайдаланған,  «ауылдың  сұмдары» іштерінде  туыс  ағалары  да  бар,  жағымпазданып, Алматыда тұратын  65 жасар  бай  полякке  екі мың  долларға сатып  жібереді.

Кәмила шым  қала  Шымкенттің тумасы. Әке-шешесі   Төле  би  ауданынан. Жастайынан    ол да   жоқшылық пен қиыншылықты   көп  көріп  өседі. Шешеден  бес  жасында  ерте айырылады. Темір  жол  саласында қарапайым   жұмысшы  болып  істейтін   әкесі бір  саудагер   әйелге   үйленеді. Қарызға  белшесінен  батқан  әлгі  алаяқ әйел әкесінің басын  айналдырып ,жаңғыз  үйлерін   сатып  жібереді. Семья  далада  қалады. Енді  қайттік  деген  тұста, ағайындардың   көмегімен Шымкенттің  шетінен кішкене  там  тұрғызады. Тауқыметтің ауыртпалығына  шамасы  жетпей,  араққа  бой  алдырған әкесі маскүнемдіктен  қайтыс  болады. Өгей  шешесі    сутенершілік  жолға түседі. Ол тажал  қатын  бір қол телефоны  «Айфон»    үшін, үріп  ауызға   салатын әдемі Кәмиланы түріктік  байларына байлап береді.  Тілін алмаса  ұрып-соғады. Ит  қорлықтан  оны    нағашы  ағасы  құтқарып,  автобусқа  билет  алып беріп,  Алматыға   салып  жібереді.

-Ағасы, біздің  өмірбаянымыз  осындай. Ал,   құданы  айтып,  құдағиды айтуды  ұмытпау  қағидасына  орай,  бүгінгі,  дұрысында  кешеден бері көргендеріміз  мен бастан  кешкен  қорлықтарымыз   һақында  баяндап  берейін –деп  Балым   әңгімесін  жалғастырды. Ақылы  оқуымыздың  құны   750000 теңге.  Соны   оқу  жылы   көлемінде   екі мәрте  төлеуіміз  қажет. Төлемесек   ректордың  бұйрығымен  оқудан   шығарып  тастайды. Әсіресе  қысқы  сессияның  алдында  қатты  қысыламыз. Декенат   төмендегідей ультиматум  қояды:-« Егерде,   кімде  кім қысқы  эмтихан  басталғанға  дейін қалған  300 мың теңгені    төлемесе, сессияға  жіберілмейді, бірден  оқудан  шығарылады»-деген. Сол кезде ішкен асымыз денемізге  батпай,мазамыз  кетіп, күндіз  күлкі,   түнде  ұйқыдан  ада  боламыз. Қиналғаннан тығырықтан  шығудың  жолын  іздейміз. Басқалар  сияқты   қол  үшін беріп    көмектесетін әке-шешеміз,  туған-туыстарымыз жоқ. Енді не   істейміз,  дегенде  арды аттап, тәнді  сатып, арсыздық  әлеміне  кіріп ақша табу  ғана  қалады. Біз  оқу төлемдерін  бірлесіп  төлейміз. Оны  қыздар  «панелдегі солидарность» деп   атайды. Марал екеуміздің ақшамыз  төленді. Оған  Кәмила  көп  еңбек  сіңірді. Біз оған ризамыз  әрі  қарыздармыз. Қазіргі  нөмір  бірінші  міндетіміз: Кәмиланың ақылы  оқуына  қажет  300000  теңгені қайтсек  тауып, төлеу. Таппасақ  безбүйрек  ректорат,  мейірімсіз  деканат оны  оқудан  шығарып  тастайды. Сол  жолда  от басып ,  шоққа   табанымызды,  бүкіл   денемізді    күйдіріп  жүрміз. Біз күнде емес, сезонда   ғана жұмыс  істейміз және  «бригадаларға»  өлсекте қосылмаймыз.

 Кешеден бері «современный  шықбермес шығайбайларға» тап болып, қатты  алданып,  қапаланып  тұрмыз. Олар  кімдер  дейсіз  ғой:  Алматы  құрылысына  бөлінген қомақты  мемлекеттік  тендерді  жемқорлықпен  бөліп  алған аудан  әкімінің  орынбасары  Жағыпар мырза,   үлкен  құрылыс  компаниясының    иесі Төлеген   мырза, Астанадан  келген, олардың тендер  алуына   өз  үлесін  қосып,  долясын  алуға   келген  депутат Нұрбек мырза  және барлық  құжаттармен көмектескен, олда  долясын  алуға  келген     құрылыс   Агенттігінің   өкілі   Қали мырзалар. Жастары елуді  еңсергендер.  «Мырзалар» бізді  алдап  соқты. Алдымен  Алматыда  Шевченкомен  Достықтың  қиылысындаға  кафеде кездестік. «Екі күн бізбен Талғар  шатқалындағы  жекеменшік    демалыс   үйінде болып, бірге  дем  аласыңдар, бізге  жағдай  жасайсыңдар.  Атқарған  қызметтеріңе  300 мың  теңге   төлейміз. Сонда   әрқайсыңа  жүз мыңнан  шығады.  300 миллиондық  тендерден, үш  жүз мың деген  не, тәйірі?»-деп бізді   сендірді. Соған сеніп  біз  бардық. Алатын, үш жүз мыңды  Кәмиланың  оқуына төлейміз  деп. Біріншіден,  олар  келіскен  уақыттан   15 сағаттай  кешігіп  келді. Екіншіден, аяқтарынан  тұра  алмайтындай  мас  болып  келді.  Үшіншіден,  жаңағы төртеу  келе сала  бізге  қарамай,    ал кеп,  арақты өлгенше  ішті. Бильярд ойнап ішті,  саунаға түсіп  ішті, қайта-қайта отырып,  бірін-бірі  құшақтап , сүйісіп  ішті. Содан бізге  шамалары  келмей  қалды. Таңертең  тұрған  соң ,  біз сендермен  болғанымыз  жоқ  деп,  ақшаларын  төлемей кетіп  қалды. Біз  аңырап  далада  қалдық. Бұларды  бізге институттағы таныстар тауып  берген еді. Соларға  звондадық.  Олар,  бұларды бізге лақап  аты  «Жора Меченныйдың» және бокстан қала чемпионы,  лақап  аты «Рембо» Алмастың тауып бергендерін  айтып, солардың  телефондарын  берді. Біз  оларды  іздеп Сізбен  кездескен  жерге  келдік  Олар  саунада  отыр екен.  Болған оқиғаны  айтып  бердік. Олар сенді. Ақшаларыңды  алып  беруге атсалысамыз  деді. Бірақ, өз  шарттарын  ұсынды. Біз оны   түбегейлі  қабылдамадық.  Себебі,  олардың  шарттары  бойынша, арнайы  бригадада  күндіз-түні  оларға   жұмыс  істеу, бас бостандықтан айырылу, оқудан шығу. Қажет  жағдайда  басқа  қалаларға  барып    жезөкшелік  қызмет  көрсету. Бұл  ұсынысқа  үзілді-кесілді  келіспей,  олармен  де  ауыр-ауыр  сөйлесіп,  сіздің     көлігіңізді тоқтаттық. Аға,  айтыңызшы  осы  ситуацияда не   істеуіміз  керек? Ақыл  қосып,  көмек  беріңіз-деп  Балым маған  тура  қарады.

- «Однозначно,  уәде   етілген  ақшаны   қайтарып  алуды   талап ету  керек»-   деп мен  жауап  қаттым.

- «Қалай қайтарамыз,  ол  ақшаны»- деп  бағанадан  үндемей  отырған Марал әңгімеге  араласты.

- «Тек, Жора мен  Алмас  арқылы»-дедім мен.

- «О, аға,  олар  опасный  адамдар  ғой.   Оларға айту  қиын»-деп Кәмила  қарындас  тіл  қатты.

-Айтамыз. Сол сәтте  Кәмиланың  ұялы телефоны   бызылдай  жөнелді. «Звондап  тұрған- Рембо. Оған  не  айтам»-  деп   Кәмила  бізге  қарады.

Бағанадан бері   бар жағдайға    қанық  болған маған,  бәрі  түсінікті  еді. Кәмиланың  телефонын мен  алдым.

Алмас, добрый  вечер,   встретится  надо.  Есть  вопрос-дедім.

Вы, кто будете?

Я,  Төлубай,   брат девчонок.

Не вопрос. Мы  там находимся.

Аға,  «Рембо» боксер ғой, сізді  ұрып тастамай ма?-деді Балым.

-Жоқ, Балым. Бізде  «клетка көрсетеді»- деген     ұғым  бар. ( Автордан: Төлубай- жауынгерлік  самбоның  шебері. Қол соғысының  бірнеше  дүркін  жеңімпазы.  Шығыс жекпе-жегінің  де  хас шебері. Жекпе-жектегі  оның   кумирлары: Федор  Емельяненко мен   «Найман» атты  Дулат  Хамитов.   Олардың   фотосуреттері оның   машинасының  ішінде   әрқашан  ілулі  тұрады).

Сақтанғанды құдай да  сақтайды. Телефон  арқылы  күзетте  бірге  істеген   бауыр  болып кеткен ержүрек   Ерболға   хабарластым.  Жолым  болғанда  оның  үйінде бұрын  кикбокспен   айналысқан Олег   досымызда отыр екен.  Олар сөзге  келген  жоқ. Жарты  сағатта  сол  жерде  боламыз деп  уәде  берді.

«Ерлер  шекіспей беріспейді»  деген нақыл рас екен.  «Меченныйда», «Рембода» кездесуді  ерегесуден  бастады. Бізге де керегі  сол еді. Айтарымызды  лақ еткізіп  айтып, соғысқа  дайын екенімізді   бірден  білдірдік.  Түсініктері  бар , жігіттер  сабаларына  тез  түсті.

-«Мы тоже  крайне  возмущены действиями импотентов. Скупые  они  крысы  государственные. Обещали идиоты»-деп Жора өзінің оларға ренішін білдірді.

Мен,   «сұмырайлардың  сазайын тартқызып, от разговоров надо перейти к  делу»- деп тізгінді  өз  қолыма   алдым.Бәрі  менімен   бір ауыздан  келісті. Нақты  жоспар  құрдық. Қазір жаңа  жетілген  техника мен  технология заманы емес пе.  Интернет  арқылы қыздарды  алдап кеткен жемқорлардың  адрестерін,  қайда тұратын мекен-жәйлерін  тез таптық. Сонымен  қоса, олардың  өмір жолдары туралы мәліметтермен таныстық. Бәрі  дөкейлер.  Тендерді жеңіп  алып отырған құрылыс  мекемесінің  басшысы   Кеңес  заманында   аупартком  хатшысы,   райисполкомның  төрағасы,  Астанадан келген екеуі облыстық  деңгейдегі басшылар болған.  Бірінен  бірі  өтеді Оларға не  жетпейді  дейсің  ғой? Мінбеден   сөз   саптағанда    олардың айтатындары отаншылдық,  елдік,  Елбасының  жемқорлар мен  аяусыз  күресу бастамасын   қолдау  болып  шығады  да,   іске  келгенде    арам пиғылдары  мен   арам  қолдарын     халық  қазынасына салып,   опырып  жейді-ау келіп... Қалай  ғана  оларды   екіжүзді сатқындар  демейсің. Әттең  қолымда  билік  жоқ.  Бар  болса   осылардың  бәрін   бір  күнде  атып  тастар  едім. Жолымыз  болғанда,  жемқорлар жұбайларымен  бірге   «Бағанашылдағы»  әкімнің  орынбасарының   1000  шаршы  метрлік   үш қабатты  зәулім    сарайында  жиналып, ақша  бөлісіп,  тендер  жеңісін жууды  , сайран   салуды одан  әрі  жалғастыруда екен.  Біз, әділдік   іздеуші  топ  олардың  үстерінен  түстік. Жемқорлар  қорқақ  келеді ғой. Бізден шошынғандары  сондай,әйел,  бала-шағаларының   алдында  бұттарын толтырды.

-«Қайырлы  кеш,   қазақ жемқорлары,  сатқын  мырзалар!»,-деп бастадым  мен сөзімді. Қашан  тоясыңдар,  сендер? Өз мемлекетіңді,  өз   еліңді,  өз  ұлтыңды  тонауды  қашан  доғарасыңдар?    Тапа –талтүсте халықтың  несібесін  неге   ұрлайсыңдар? Осылай  тендерлей  берсеңдер, қазақты   тентіретіп   жібересіңдер,  оңбағандар.  Қоятын  мезгіл   болды емес пе? Не  болды  сендерге?  Мына,  немерелеріңмен  жасты  қыздарды неге   алдайсыңдар?-деп   үш  қызды   ортаға   алып  шықтым. «Ұрының  арты  қуыс» дейді емес пе  біздің  қазақ.Тырнақшаның   ішінде   айтқанда,  «тендер  достар» әйелдерінің  алдында  масқара  болып,  бірінің  бетін- бірі  тырнады. Бірінен-бірі   көрді. Кешеден  бері ауыз  сүйістіріп,  кеуде соғыстырып,  қол   ұстасқан достықтарынан  жұрнақ  та  қалмады. Біріне-бірі  жау  болып  шықты.

-Оңбағандар,  сендерді   жауапқа  тарту, үкіметтің  шаруасы. Бізге   мына  қыздардың  қарызын  қайтару міндет. Қайда   ақшаларың,  деп, мылтықты  кезеп,  айғай  салдым. Қорыққаннан  қол аяғы  дірілдеп  тұрған, зам. Аким әйеліне  қарады. Әйелі   үстіңгі  қабаттан  іші  ақашаға  толы   үш  ақ  дорбаны  алып  келді.

-Мұнда  қанша?

-Бәрі  осында-, деп  міңгірледі   әкім орынбасары.

-Қанша  сонда барлығы?

-Үш  жүз  миллион  теңге.

-Қыздарға  қанша бересің?

-Бәрін  алыңдар,  тек  өлтірмесеңдер  болды.

-Сендерді  өлтіріп, қан арқаламаймын. Өсіріп  отырған  балаларым  бар. Тек, маған  енді  жемқор болмаймыз деп  ант  беріңдер? Төртеуі  бірдей  «Ант етеміз, ант етеміз» деп жарыса  кетті. –Онда   мына    үш  қыз-сендерден  көрген  қорлықтары мен моральдік  шығындары   үшін  үш  миллион теңгені    алады. Ал,  қалғанын   сендер,  оңбағандар,  жетім  балалар,   қарттар  үйлеріне, қайырымдылық  қорларына, мұқтаж   жандарға     тегіс  үлестіріп  бересіңдер. Мен бұл    мәселені   қатаң  бақылауыма   аламын.  Соңынан  маған   құжаттарды    көрсетіп,    есеп  бересіңдер? Түсіндіңдер ме?

-Ия,  түсіндік  деп шу  ете  түсті  жемқорлар.

 Бұл  оқиға  осылай  аяқталды.

 Ертеңінде  бәріміз  университеттің   бухалтериясына барып, Кәмиланың ақылы  оқуына  қажетті  300 мың теңгесін   төлеп,келісім  шарт  бойынша   ақша  төленді  деген чек  алдық. Иығымыздан  ауыр  жүк  түскендей  бәріміз  қуандық.  Кәмилашым  қуаныштан   көзіне   жас  алды.  Марал мен Балым  достарының  бетінен    сүйіп, шын  жүректен    құттықтады.

Сол  күні,  тағыда  «Нигарада»   бас  қостық. Біз бақытты  болатынбыз. Қыздар алдағандардан өштерін алып,  ақшаларын  қайтарды.   Мен  қорғансыздарға- қорған  бола   алғаныма   қуандым. Қалған  екі миллион  жеті  жүз  мыңды  үшеуіне   қылдай  қылып   бөліп  бердім.  Оларға   ақыл  қосып, бүгіннен  қалдырмай,  бірден,  терминал   арқылы,  келесі  оқу  жылдарының 2010-2011 жылдардағы ақыларын  төлеткіздім. Олар  риза,  мен  де  ризамын  өмірге. Содан  бері,   оларды   өз   балаларымдай   жақсы   көріп  кеттім.

Уақыт  шіркін  зымырап  өтіп  жатты. Күнделікт  өмірім  бір қалыпта  өтуде.   Таңертең   балаларды  оятып,  таңғы    астарын  дайындап  беремін. Сосын    кішкентай  ұлды  бала  бақшасына,   қыздарымды  мектептеріне   жеткіземін.  Қол  босаған  тұста  жолаушылар   тасымалдайтын таксишімін. Орта  есеппен алғанда  ,  бензин мен    автокөлігіме  қажетті    бөлшек  заттардан  бөлек,  күніне   тұрақты  түрде   4-5 мың  теңге    табыс  табамын. Анда-санда   жолдастарыммен   бір мезгіл   бильярд    ойнауға да    уақыт  таба  аламын. Қалай  дегенмен     жан - жарым   Әсияның орыны  мүлдем  бөлек  екен. Мен оны  шексіз   сүйетінімді,  жақсы   көретінімді,  күн  сайын   аласапырып оны   іздейтінімді   байқадым.Мен  көмектескен  студент   қыздар жаңалықтарын   айтып, жиі-жиі  хабарласып    тұрады. Олар каникулда,  туыстарының  амандықтарын сұрап,  туған   өлкелерінде  болып   қайтты.   «Нигарада» кездесіп  бас қосуымыз  жақсы   әдетке   айналынып   үлгерді. Кафе  ұжымы   өз  туыстарындай  қарсы   алатын  болды. Әйтеуір,  қашан  келсең  бір  үстел  біздікі. Олармен әр-бір  кездесуім бір  ғанибет. Балалардың    маған  деген құрметтері күннен-күнге   арта  түскенін  байқадым.  Маған  жақсылық  жасауға құштар.

 Сондай  күндердің  бірінде қыздар  маған «Өкіл  әке» деген ат қойып,   үстіме  шапан   кигізіп,  зор  құрмет  көрсетті.  Бұл менің өмірімдегі  бірінші  рет шапан киуім   болатын. Керемет  толқыдым. Оларға ризашылдығымды  білдіріп,  алғысымды  айттым.   Сендер  мені  құрметтеп,  «Өкіл  әке» атасаңдар мен   сендерді өзімнің   «Өкіл  қыздарым» деп   санаймын  деп,  маңдайларынан     сүйдім. Сонымен  жылжып   күндер, аяңдап  айлар  өтіп  жатты. Осымен әңгімені     тәмәмдауға  болар  еді. Бір-ақ,  «өкіл  қыздарыммен» байланысты  менің  өмірімде  қилы-қилы  оқиғаларға  толы   жаңа  кезең пайда  болды. Жүздері  ашық-жарқын,  түр-келбеттері   сұлу, ақыл –ойлары бар  олар небір  бас қосулар мен   кештердің  көркі  болатын.   Қалада үшеуіне  деген  сұраныс күнен-күнге  артты. Сондай  күндердің  бірінде  олар мені   «ашық   әңгімеге»  тартты.

-«Өкіл әке,  сізді  жанымыздай  жақсы  көреміз. Бізге   әкеміз  жасамаған   жақсылықты  жасап, қорған  болып  келесіз.Сіз  барда бұл  қалада біз  өзімізді  еркін  сезініп, еркін  жүреміз. Оның  өзі  бір   дүние. Әңгіменің  ашығына   келсек, тағдырымыздың сорлылығына,  әке-шешеден ерте   айырылған өміріміздің  қатыгездігене, айналамыздағы   адамдардың, оның  ішінде  туыстарымызда бар,  мейірімсіздіктеріне  орай бұл  жалған  өмірге   бақытсыз  қазақ  қыздары  болып  келіппіз. Біздің  бақытсыздығымыз,    жоқшылықтан, қорғансыздықтан бала  жастан   пәктігімізден  айырылып,  арды  аттап,  теріс  жолдың  құрбаны  болуындамыз. Бұл  біздің  маңдайымыздағы өшпейтін қара  мөр,  кетпейтін  қара  таңба. Одан  құтылатын   жалғыз  жол  бар,  ол   о  дүниелік  болу. Бір-ақ,  біз  жаспыз.  Өмір  сүргіміз  келеді. Өмірдің   қызығын  көріп,  аз  күн  болса  да  қуанғанымыз келеді. Айналамызда  жүрген  тілеулестерге      көмектескіміз  келеді.  Ең  алдымен сізге  болысамыз-деп нық  шешімге  келіп  отырмыз. Жалғыз  өзіңіз үш  баланы өсіріп,  жеткіземін  деп   қиналып  жүргеніңізді   көріп  жүрміз. Біз  сізге,  бензин   запчастарыңыздан  бөлек, таза  300 мың  теңге   айыңызға   жалақы  төлеп  тұрамыз.  Тағыда, ай сайын  беретін  премиямыз  бар.   Реті  келгенде шарқышыңызды  жаңа    көлікке  ауыстырамыз-деді.

-Ау,  балалар,  бұл    ақшаны  қалай  табасыздар?

-Ол  біздің   мәселе. Сізден,   әкемізден  ештеңе   жасырмаймыз  емес пе. Қазір,  сізбен  біз  өмір  сүріп  жатқан  Алматы  қаласы  «сексиндустрияға» айналып  кетті. Бір  қалада  мыңдаған   «сексханалар» мен «жын-ойнақ»  орындар  жұмыс   істейді.  Соған    әлемнің  түкпір-түкпірінен  ағылып  келіп  жатқан  басқа  ұлттың  еркектері,  толстосумдар бар.   Соларды   сауу  қажет. Міне,  мысалы,  бүгін   Әл-Фарабидің  бойындағы  бір    сарай  үйде  Ирактың  Бағдад  қаласынан   секс жасауға  арнайы   бір топ  болып  келген  полиция  басшылары,  араптар   тосып  отыр.

-Сіз  білесіз бе,  бір  кешке     қанша  төлейтінін?

-Оны  қайдан  білейін?  Ары  кетсе  10 мың  теңге  шығар.

-1000 доллар. Олар аунап - қунауға  барлығы   алты күнге  келді. Арапша,  түрікше  білетін  Кәмилаға  бір  жұма  қастарында  жүріп, қызмет көрсетуге келіссе,  он мың  доллар  беруге  дайын-деді  Балым.

-Қыздар, тек мен емес, сендердің де  бағаларың сондай  емес пе-деді   Кәмила  өз кезегінде.

-Бізге  тек  келісу  мен гарантия  кісі  керек-деді  Марал.

- Ол  қандай  жұмыс ? 

Одан  әрі   мән –жәйді   Кәмила   түсіндірді.   Келіп,  жатқан   ирактықтар, бұрын Қазақстанның байланыс  саласында   көп  жылдар    жауапты   қызмет істеген,  қу әрі  залым   бір  қазақтың   құдалары  екен.   Оның   қызы «Бағдад»  қаласының полиция  басшыларының бірінің  баласына   күйеуге  шыққан.   Қызы  сонда   тұрады. Иракта қазір соғыс  жүріп  жатыр.  Онда арды  сақтамағандарды және  басқа   әйелдерге  барғандарды   өлім  жазасына  кесіп,  қатаң  жазалайды. 

 Соғыстан  шаршаған  араптар,  әр-түрлі   сылтаулармен бордель  қала-Алматыға    келуге  асығады  екен. Осы  арада мауықтарын  басып,    жын-ойнақ  жасайды. Оны  ешкім  білуге  тиісті  емес. Әсіресе, «ИГИЛ». Олар  біліп  қойса,  олардың  көздерін  бір-ақ   құртады. Сондықтан  олар, қыздармен  құпия  кездеседі.  Соны,бұрынғы  чиновник  қазақ, туған  құдалары  өз  пайдасына жапырып   істейді  екен. Мысалы: ол болса,  ирактықтармен  келіскен  суманың 50 пайызын алады.  Ол дегеніңіз бізге  тиесілі  30 мың  доллардың  әрқайсымыздан   бес мыңнан,  15 мыңын еш  қиналмай  қалтасына салады. Ал,  жеңгетайлығы   үшін  араптардан  қанша  алатынын  бір  құдайдың  өзі білсін. Міне,  соны  болдырмау  үшін келісіммен  гарантия  керек.  Келісетін біз,  ал   гарантия   сіз  болуыңыз  керек. Гарантия  дегеніміз- бізді  қорғау.  Ол  сіздің  қолыңыздан  келеді. Бұл  біздің  түпкілікті  шешіміміз.

Мен келістім. Араптар  алты   күн  емес ,  жеті  күн  тойлады. Жеті   күн    қыздар   күні,  түні   солармен   болды. Тойымсыз   араптар қыздарымыздың  құр  сүлдерін  қалдырды.   Келісілген   ақшаның 50 пайызын-он бес мың  долларды  мен  алып, жеті  күн  оларды  сырттан  бақылап   жүрдім. Қыздардың  айтқаны  тура  келді. Жетінші   күні «қу  қазақ құда»  қиғылық  шығарды. Бұлар бағаны  тым  көтерген,  деп   арап  құдаларын айнытады.  Іс  насырға   шапты. Сол кезде  мен,  қару-жарақ асынған үстеріне баса-көктеп  кіріп   келдім. Олар мені «ИГИЛ» деп  қалдыма орындарында  қатып  қалды.  Бәрін  былықтырған, залым  қазаққа   бір-екі  болевой  прием  жасап, «удушияны» қолданып  едім жылап  жіберді де,   қалған он бес мың долларды қайтарып  берді.

Содан  бері  мына    жұмырдығым не көрмеді. Қыздарды  қоғаймын  деп, жат жұрттықтармен талай  төбелестім.  Өзіңіз  білесіз мен  төбелесте   ешкімді   оңдырмаймын. Қазақтың  қызын  қорлаған    наглый   пәкістандықтар, индустар,   американдықтар,  канадалықтар,  қытайлар,  араптар,   кавказдықтар,  италияндар,   испандықтар менен  талай  таяқ  жеп, елдеріне  қашты.

Аға,    бастарындағы  қайғы    қыздарымды  жеп  бітірді. Жығылғанның  үстіне    жұдырық демейме,  Марал   «СПИД» ауруына  шалдығып,  у ішіп    қайтыс   болды.  Оның   соңынан бес  айдан  соң ауыр  дерттен,  жаман  аурудан  Кәмила  көз  жұмды. Марқұм  ақырғы  сөзін   маған   айтты: -«Әке,  сізден  кешірім   сұраймын. Мына   жарық  дүниеге бақытсыз  болып  келіппін. Сыймай   кетіп  барамын. Бұл өмірде  жер  басып  жүруге  моральдік құқым  жоқ.  Менен  басқа  қазақтың  қыздары   бұл  жолға   түспесе  екен».  Екеуін  де, арулап,  өзім   жерледім. Балым,  бір  жыл  бұрын Африкандық  негрге күйеуге  тиіп,   Сомалиде  тұрады. Бүгін  Могадиштен  звондады. Кәмила мен Маралды   еске  алып   жарты  сағат  жылады. Жағдайым  нашар,  күйеуім  радикальды исламға ауысып,  маған  деген  көзқарасын күрт  өзгерді   деді. Оның  айтуынша   Алматыда    шайтани    орындар   көп. Сен  сол  жақтан   келдің-деп  сенімсіздік   білдіре  бастады. Енді  қайтем-деп   телефон  арқылы  еңіреді.  Онымен бірге,  менің де көңіл –күйім астаң-кестеңі  шығып,  қатты  бұзылды. Сол кезде  Сізбен  кездестім.

-  Қазақ  қыздарын бақытсыздыққа  апаратын   арсыздықты  болдырмау   үшін не істеу  керек, аға?

- Не  істеу  керек? Арсыздықпен күресті одан  әрі  тегеурінді  түрде  жалғастыра  беру  керек.  Бір   сәтке тоқтамау  керек.Тоқтасақ  құримыз. Идеологиялық  жұмыстардың

 нашарлығынан жастарымыздың  рухани   азғындауы  шарықтау   шегіне  жетіп  тұр. Дәл  екі мың  жылдық  тарихы  бар,  қазақ  елінде  бүгінгідей     тәнін  сатып  қарабет  болу  болған  емес.   Ол  бізге      жиырмасыншы  ғасырдың  соңында    капитализммен  бірге  келді.  Қазақ  қыздарының   жезөкшелігі   ұлтқа  қара  таңба  болды.  Бір  миллиард  халқы  бар  үнді  елінің  ең   танымал  блогері Шахкар  Абиди   атты     журналисі әлемдік  секс - индустрияның  отаны  - Қазақстан,   ал     астанасы-Алматы  қаласы  деп  жар   салды. Ол  Америка    Құрама  штаттары  дипмиссиясының  2012  жылдың  қорытындысына  арналған есебіндегі   Қазақстан  Республикасын әйелдер  және   жасөспірім  қыздардың секс-  трафигінің  бастаушысы  және  транзиттік  орталығы  ретінде көрсетті  деп  жазды. Бұдан  артық  қандай   клеймо  керек бізге. Дәл  осы  жағдайда   байлық неге керек,   барлық  неге керек. Ашығын  айтсам    осы  қалыптасқан  жағдай бізді   алаңдатып  отыр. Осы  азғындауды  тоқтатпасақ   күлкімізді    жия  алмай   қаламыз. Логикаға  салсақ секс-туризм, жезөкшелік,  адамдардың    азғындауы  экономикасы  өте  нашар, намысы  тапталған,  ар-ұяты  аз  елде  ғана  орын      алады  емес  пе? Біздің  мемлекеттік   ән-ұранымызда.  «Намысын  бермеген  қазағым   мықты  ғой» деген қанатты   сөздер  жазылған. Сөзсіз қазақ  әйелдері мен  қыздарының ар-ұятты  аяққа  таптап,  арсыздықтың  батпағына  батулары    ұлттық    қазақи  намысымызға    ауыр  соққы  болып  тұр. Не  істеу  керек дейсің?

Біріншіден: Барлық  қазақ  қыздары тегін  білім  алулары  керек.  Жоғарғы  оқу орындарындағы   ақылы  оқытуды  тоқтату  қажет.

Екіншіден:  «сексхана» және   «бордель»  болып   кеткен   сансыз  «сауна»,  «хауыз»,  «хамамдарды» «түнгі  жын-ойнақтарды», «гей, гейша клубтарды», «қонақ  үйлерді» жабу  керек.

Үшіншіден: қазақтың  қыздары  тек  қазақтың  жігіттеріне  тұрмысқа  шығулары  керек.

 Төртіншіден: лас  туризмді   елімізге  кіргізбеу  керек.

Бесіншіден: Идеологияға  және  жастар  тәрбиесіне  жете   көңіл  бөлу.

Алтыншыдан: идеология  саласында   телевидения,  радио,  интернет салаларын  қатты  қадағалап,  ұлттық  рухымызға  зиян  тидірмейтін   өнімдерді  ғана    көрсету   керек.

 Жетіншіден:   Осы  жұмыстарға    арналған «Ұлы  Дала Қырандары»  республикалық  қоғамдық   мәдени- әлеуметтік  қозғалысы  дайындаған «25» -атты  маңызды  Бағдарламаны  Үкіметтік  деңгейде     қабылдап,    ұлттың    «АР-ОЖДАН»   мәселесін басты  назарда  ұстау  қажет  деп   есептеймін.   Бұл менің   азаматтық   ұстанымым  болып  саналады.

Сегізіншіден: бұл шаралар    ұлт  болып  ұйысып,  жұрт  болып  жұмылып   атқарылатын жұмыстар  болғандықтан,    бірігуіміз   керек,  тізе  қосып,  бірлесе   күрессек қана  ұлтымызды   «Ар дағдарысынан»   алып  шығамыз,  жастарды ,  қазақтың  қыздарын   азғындаудан   сақтаймыз.

Бірлігі   мықты, жемқорлығы мен   жезөкшелігі  жоқ   ел ғана  озады. Соны  түсінуіміз   керек.

Сәдібек   Түгел,

жазушы.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар