«ПРОГРАММИСТ» ДЕГЕН ҚАЗАҚ ПА?

/uploads/thumbnail/20170708212203863_small.jpg

Тақырыптағы «Қазақ» сөзін көріп, не боп қалды деп ашқан боларсыз. Ендеше, әлеуметтік желідегі әңгімеден шағын диалогқа назар салыңыз. . . .

 — Сәлем, «Қазақсофт» сайтын құрған ойлан аға, сіз бе?

— Сәлем, қабыл! Болсақ болармыз.

— Сайттағы көп нәрселерді тұсынып кетпеймін. Бірақ, ара тұра мақалаңызды оқимын.

— Жақсы, рахмет.

— Аға, бір сұрағым бар еді. Сұрасам бола ма?

— Қане көрелік?

— «Программист» деген қандай адамдар, сонда олар қазақ па? . . .

*** *** ***

Бұл ғаламтордағы бір азаматтың маған қойған сұрағы. Шынымен де жаз жайлау, қыс қыстауды негізіндегі сахара мәдениетімен сусындағын қазақ баласына «Программист» шетел сөзі құлақы бөгде естілері хақ. Ендеше, программист деген кім?

Программист дегеніміз — нақты болмыстағы мәселелерді математикалық есептеу тұрғысынан есептік талдау жасайтын және компьютер программалау тілінде «шығарма» жазатын, болмыстағы мәселелерді компьютер тілінде бейнелей алатын, әрі компьютерді адамдар үшін мүлтіксіз жұмыс жүргізуге бұйрық бере алатын адам. Ал, программалау тілі дегеніміз – компьютерде өңделетін ақпаратты сипаттайтын және оларды түрлендірудің амал, тәсілдерін жазуға арналған жасанды тіл. Былайша айтқанда, программист сөзі белгілі-бір өнерді игерген адамдарға атау ретінде берілген кәсіби термин. Толымды программистерге компьютер ғылымына қатысты білімдерді игеруден бөлек, төмендегі бірнеше талаптар қойылды.

Біріншіден, күніне мөлшермен 50-500 жол программа жазу. Бұл кәсіптенуші адам жеке өзі жазған программаны меңзейді. Әсте, көшірме немесе аударма программаларға қатысты емес.

Екіншіден, кітап оқудан бөлек, ашық жарияланған программаларды оқып түсіне алу. Үшіншден, программалау жайлы мақалалар жазып және оны ашық жариялау. Төртіншіден, өзі жеке дара нақты, көлемдірек нысандарды жазып шығумен қатар, логикалық ойлау қабілетіне ие, жасампаз болу. Әдетте, кемелді, толымды, сапалы жобалар үшін жазылған программаның жол саны неше он мыңнан неше неше миллионға жолға дейін барады. Егерде бұны қағазға басып шығатын болсаңыз, мөлшермен мың беттен тұратын, том-том болып шығары хақ. Ендеше, ғылым мен білімді негізгі құрал етіп, өнер-техниканың жетегінде ғаламтор мен ғаламшарды жаулаған бүгінгі таңда, нағыз кәсіби программист болу, соның ішінде қазақ тілді программист болу аса маңызды әрі аудай қажет. Өйткені, қазақ тілді програмистерсіз, қу темірге қазақша тіл бітпейді, ғылым-техника, өнер-білім қазақша сөйлемей, бұлыңғыр болашақта қазақ тілді ұрпақтар да болмайды!

Ойлан Нүсіпұлы,

IT-маман, kazakhsoft.com сайтының жетекшісі.

 

Қатысты Мақалалар