Тікұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасыларына 1 миллион теңге көлемінде көмек беріледі (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708212544007_small.jpg

Тікұшақ апатынан қаза тапқан адамдардың отбасыларына Алматы облысының әкімдігі 1 миллион теңгеден ақшалай көмек береді, - деп хабарлайды "Қамшы" порталы 24-арнаға сілтеме жасап. 

Жерлеу рәсімдерін өткізуге де жәрдем көрсетіледі. Бұл туралы облыс әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Айдар Башбаев журналистермен өткен баспасөз мәслихатында мәлімеді. Оның айтуына қарағанда, «Аспан» авиакомпаниясына қарасты тікұшақ өткен жылдың тамыз айында техникалық байқаудан өткізілген. Сондықтан оның апатқа ұшырауы техникалық ақаудан емес, ауа райының қолайсыздығынан болуы әбден мүмкін. Бірақ нақты түсін тексеру-тергеу жұмыстарының қорытындысында мәлім болады.

Айдар Башбаев, облыс әкімі баспасөз қызметінің басшысы:

- Қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтамыз. Қазіргі уақытта қаза болғандардың денелері Талдықорған қаласының мәйітханасында. Апаттан көз жұмғандардың отбасыларына облыстық бюджеттен бір миллион теңгеден бөлінеді.



 

Қатысты Мақалалар