Мәскеуде Орталық Азиядан барған 12 мигрант тірідей жанып кеткен (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708214040957_small.jpg

Мәскеуде Орталық Азиядан барған 12 мигрант тігін фабрикасында болған өртте тірідей жанып кетті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы PHOENIX news-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға өткен сенбіден жексенбіге қараған түні, Мәскеу уақытымен түнгі ондар шамасында болған. Ресей астанасының Стромынка ауданындағы фабрикада болған өрт кезінде Қырғызстан мен Өзбекстаннан барған 12 адам тірідей жанып кеткен. Қаза тапқандардың ішінде 3 жас бала бар дейді басылым.

Басылымның хабарлауынша, қаза тапқандар заңсыз жолмен елде жұмыс істеп жүрген мигранттар отбасы көрінеді. Қайғылы оқиға туралы хабар Р. Қадыровтың инстаграмдағы суреттерін талқылаған ресейлік ешбір ресми ақпарат құралдарында дер кезінде көрініс таппаған. Оқиға туралы видеоны бірнеше күн өткен соң ең алғаш болып Орталық азиялық телевизия (CATV) сайты жариялап отыр.

Қатысты Мақалалар