Алматы көшелерінде «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (ААЖ) арқылы өткен жылы 614 мың ереже бұзу оқиғасы анықталған, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Алматы қаласының ІІД-не сілтеме жасап.
«КРИС-П» аталатын ұтқыр фоторадарлар кешені де қолдану тиімділігін көрсеткен. Бұл құрылғы арқылы жалпы сомасы 3 миллиард 500 миллион теңге болатын 162 мың жол ережесін бұзу дерегі анықталған.
ІІД баспасөз қызметі сонымен қатар, қаладағы қазір бар 105 бейнебақылау бекеттеріне тағы 153 бекет қосылатынын хабарлады.