Алла сақтады ма, әруақ қолдады ма? (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708214334178_small.jpg

«Фейсбук» әлеуметтік желісінде Бәленше Түгеншеев деген қолданушы көліктері жолдан шығып кеткенде, Алла мен Бекет атаны қатар айтып жәрдем сұрағандардың видеосын жариялады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Видеода жүріп келе жатқан көлік көктайғақ салдарынан тайғанап, жолдан шығып кеткені анық байқалады. Көлік ішінде отырған әйел «Беке тата, Алла, сақтай гөр» деп жалбарынады. Жолдан шығып кеткен машина біраз жерге дейін сырғанап барып, аударылмай тоқтады. Көлік ішіндегілер аман қалды.

Видеоны желіге жүктеген қолданушы «Бекет атаның аруағы сақтап қалды деп ойлаймын бұл кісілерді» деген жазба қалдырған.

Қатысты Мақалалар