Шымкент қаласында автокран бірнеше көлікті соғып кетті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы TVK–ға сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы 2 ақпанда Темірлан тас жолында болған. Телеарнаның айтуынша автокран Бәйдібек би көшесінен шығып келе жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша оның тежегіші істен шыққан. Ауыр көлік бірнеше жеңіл машина мен «Газель» жолаушылар көлігін соғып өткен. Артынан электр бағанын соғып құлатқан. Соның салдарынан қалааралық жолда көлік кептелісі орын алған.
Телеарнаның айтуынша, оқиғадан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.