Қазақстан Республикасы Конституциясындағы сөз бостандығы және ақпарат таратуда заң шеңберінде жұмыс істеу ережелерін басшылыққа ала отырып Қазақстан журналистері мен БАҚ саласындағы үкіметтік емес ұйым өкілдері сайлауға қатысты Хартия жариялады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы. Ол хартияның толық мәтіні төмендегідей:
1. Бұл Хартия Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасынының «Сайлаулар туралы» және «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңдарына сәйкес жасалған.
2. Бұл Хартияның негізгі мақсаты қазақстандықтарды сайлау науқаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен маслихаттарының депутаттығына кандидаттардың қызметтері туралы бұқаралық ақпарат құрал¬дарында шынайы әділ, толық және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.
3. БАҚ-тар Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен маслихаттарының депутаттығына тіркелген барлық кандидаттардың, олардың саяси көзқарастарына қарамастан, өздеріне теңдей мүмкіндікке ие болуына ықпал ете алады және солай етуге тиісті.
4. Бұл Хартия әрбір азамат өзінің сайлау құқын жүзеге асыруына мүмкіндік алу үшін БАҚ-тарды сайлау жұмыстарын, кандидаттар мен сайлау науқанының негізгі кезеңдері, дауыс беру ресімі және басқа да мәселелер туралы кәсіби және шынайы ақпар таратуға шақырады.
Осыған байланысты, біздер, Қазақстан журналистері мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, сайлауды көрсету кезінде мына қағидаттарды ұстанатынымызды мәлімдейміз:
1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын, журналистердің кәсіби этика нормалары мен мінез-құлық ережелерін бұлжытпай сақтау;
2) сайлау тақырыбына арналған барлық материалдардың объективті, алалаусыз, ақпараттық, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен маслихаттарының депутаттығына үміткерлерге қатысты әділ болуларына ықпал ету;
3) үміткерлердің абыройы мен іскерлік беделіне, жеке басына нұқсан келтіруі ықтимал ақпараттарды таратпау;
4) ақпарат көздерін, әсіресе, егер олар күдік тудыратын болса тексеруге алу;
5) үгіт жарияланымдары мен ақпараттық хабарламалар арасындағы айырмашылықты нақты ажырату;
6) белгіленген тәртіп пен әлеуметтік сауалнама жүргізу шарттарын ұстану, сауалнама нәтижелерін жариялау кезінде аудиторияға берілген сауалнама жауаптары тек қана болжам екенін ескерту және сауалнама нәтижелері туралы немесе сайлауға бес күн бұрын және дауыс беру күнгі алдын ала нәтижелер туралы материалдарды таратпау.
7) Бұл Хартия өзара құрметке негізделген өзара қарым-қатынас жүйесін құруды, барлық өзара ықпалдасушы тараптардың мүдделерін тану мен есепке алуды, сенімді және толық ақпаратқа сүйенген жоғары саяси мәде-ниетті қарастырады.
Хартия адамның, қоғам мен мемлекеттің жалпыға бірдей танылған құқықтары мен бостандықтарының сөзсіз басымдығына бағытталған және саяси проблемаларды шешуде бір-біріне өзара жол беріп, өзара іс-қимылдың келісімдік негізін қарастырады.
Хартияға қол қоя беруге болады.