"Қазақстанның мемлекеттік құпияларына Израиль азаматы иелік етеді"

/uploads/thumbnail/20170708214730847_small.jpg

Қазақстандағы ЦАТЭК», «ЦАТЭК Инвестмент Групп», «KGNT Holding», «Каустик» сынды бірқатар компанияларда активтері бар және құрамына «7-арна», Vesti.kz, Tengri FM кіретін «Алаш медиа групп» ЖШС мен «СТВ» арнасы» ЖШС-ның жалғыз  қатысушысы Александр Клебанов Израиль азаматы көрінеді. Оның мемлекеттің билік органдарына, сол арқылы мемлекеттік құпияларға иелік ету мүмкіндігі бар, - деп жазады «DAT» жобасы.

Басылым КазТАГ агенттігіне сілтеме жасай отырып, А. Клебановтың 1998 жылдың қарашасында Израиль азаматтығын алғанын жазады. Агенттікке бұл туралы аталған мемлекеттің абсорбация (репатрианттар ісі жөніндегі) министрлігіндегі дереккөз хабарлаған.

«Қазақстандық Александр Клебанов – Израиль азаматы. Жалпы Қазақстаннан отанына оралғандарға оның Израиль мемлекетінің азаматтығын алғаны құпия емес. Оның 1998 жылы қараша айында азаматтық алғаны бізге белгілі. бізде өзінің еврей екенін дәлелдеу процесі өте күрделі. Бірақ, Клебанов жақын туыстары арқылы жергілікті мемлекеттік органдарды азаматтық алуға және паспортқа ие болуға сендірген», - дейді ол дереккөз.

Басылым сонымен бірге, А. Клебановтың «Airfinance Europe LTD» компаниясының қазақстандық бөлімшесінің басшысы, «Orient Eagle» әуе тасымалдаушы компаниясының және президенттік «Бүркіт» авиакомпаниясының жетекшісі ретінде мемлекет басындағы тұлғалардың ел ішіндегі және шетелдегі сапарларына қызмет көрсеткенін, бұл лауазымдарда  жүріп оның мемлекеттік құпиялармен танысуына, мемлекет басшылығындағы тұлғалардың жүріс-тұрысын зерттеуіне толық мүмкіндігі болғанын айтады.

А. Клебанов мемлекеттік қызметтегі еңбегі үшін «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерімен наградталған.

Қазір Израиль азаматы саналатын А. Клебановтың жоғарыда аталған Қазақстандағы белді ақпарат құралдарына иелік ететінін forbes.kz журналы да растап отыр. Журнал бизнесменді 2015 жылдың қаңтар айында Қазақстанның ықпалды 50 бизнесменінің рейтингіне де енгізген.

Сондай-ақ, оның жұбайы Дарья Клебанова Парламент Мәжілісінің үш бірдей шақырылымында депутат болғанын да айта кету керек.

Қатысты Мақалалар