Атырауда денесіне «Алланың» аты жазылған ерекше адам тұрады (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708214752301_small.jpg

Атырауда денесінде "Алла" деген жазуы бар адам тұрады, - деп хабарлайды "Хабар" арнасы.

Атырау қаласында денесіне «Алланың» аты жазылған ерекше адам тұрады. 40 жастағы Арман Құспанәлиев қаңтардың 25-інен 26-на қараған түні қызуы қатты көтеріліп ауырады. «Ол мұсылманша мәуліт айының аяқталған сәті», – дейді білетіндер. Кейін басын көтерген соң денесінен арабша жазу таңбаларын байқаған. Атап айтқанда, тілінде және жүрек тұсында «АЛЛА» деген жазу анық көрініп тұр. 
Арман Құспанәлиев, Атырау қаласының тұрғыны:

- Мұндай жазу менің денемде 2012 жылы Ораза айында да пайда болған. Бірақ ол көмескі көрініп тұрғасын жария етуге жүрексіндім. Енді осы жолы 3 жерден анық көрініп тұр. Бұл да болса, Алланың маған деген ықыласы болар деп ойлаймын. Басқадай ерекше қасиетім жоқ. Қарапайым адаммын.

"Қамшы" сілтейді 

Қатысты Мақалалар