"Сыра королі" қызының туған күнінде доллардан шашу шашқан (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708214757316_small.jpg

Жақында қылмыстық топтың қызметін қаржыландырды және есірткі саудалады деп ұсталған миллионер шымкенттік кәсіпкер өз қызының туған күнін қалай атап өткені туралы видео шықты. Оны «Время» интернет-басылымы жариялаған.

Видеодан туған күннің «Властелин колец» голливудтық блокбастер желісімен өтіп жатқанын көруге болады. Ал, мерекелік кеш иесі фильмнің басты кейіпкерлерінің бірі — эльфтер ханшайымы Арвеннің кейпінде жүрсе, әкесі — эльфтер патшасы Эрлонд секілді киінген.

"Сыра королінің" қуанышын бөлісуге шетелден арнайы  келген өнер иелерін де анық байқауға болады.

 

Қатысты Мақалалар