Ұлттық банк төрағасы теңгеге қол қоймайтын болды

/uploads/thumbnail/20170708214910599_small.jpg

Қазақстанның ұлттық валютасы теңгеде ендігі уақытта бас банк төрағасының қолтаңбасы болмайды. Бүгін Елбасы аталған өзгерістерді бекіту туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Ресми құжат ҚР нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі сайтында жарияланды.

«2003 жылғы 25 қыркүйектегі №1193 «»Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесінің концепциясы мен дизайнын бекіту туралы» Жарлықтың 13-1 тармақшасы алынып тасталсын», - делінген Жарлықта.

Аталған пункте «Банкноттың бет жағы немесе артқы бетінде банкнотаның әзірлену кезіндегі ҚР Ұлттық банкі төрағасының қолтаңбасы болуы керек» делінген талап болатын.

 

Қатысты Мақалалар