ШҚО Қоғамдық келісім кеңесі сайлауға белсенді қатысуға шақырды

/uploads/thumbnail/20170708214918693_small.JPG

         Қоғамдық келісім кеңесі алда келе жатқан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын қолдайтындықтарын жеткізді. Бір ауыздан шешімді қабылдаған отырыс мүшелері азаматтарды сайлауға белсенді қатысуға шақырды, - деп хабарлайды "Қамшы" порталы.

         Қазіргі таңда аймақтағы қоғамдық келісім кеңесінің жұмыс ауқымы кеңейген. Қоғамдық және мемлекеттік ұйымдармен жұмыс жасайтын кеңес сондай-ақ, «Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасын іске асыру жолдары қарастыруда.

         – Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда өңірдегі барлық ұйымдармен бірлесіп жұмыс жасағанымыз дұрыс. Себебі «Ұлт Жоспары –100 нақты қадам» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырумен қатар, алдымызда келе жатқан сайлау науқанында тынымсыз еңбек етіп, қолдау көрсетуіміз қажет, – деді облыстық беларусь этномәдени бірлестігінің мүшесі Анатолий Злотников.

Қатысты Мақалалар