Қазақстан халқы баспаналарын сақтандыруға міндеттелмек

/uploads/thumbnail/20170708214929568_small.jpg

Қазақстандықтарға бұдан былай өз баспаналарын сақтандыру міндеттелмек, - деп хабарлайды "Қамшы" порталы. 

Бұл туралы бүгін ҚР Әділет министрлігінің алқа мәжілісінде белгілі болды. 

«Жеке тұлғалар баспаналарын, жылжымайтын мүлік иелерін нысанды міндетті сақтандыру туралы жаңа заңнама әзірленетін болады. Бұл тұрғыда ТЖ оқиғасына тұрғын үйді міндетті сақтандыру қарастырылады»,-деді ведомство басшысы Берік Имашев.

Оның сөзіне қарағанда, сонымен қатар салық салу, бюджет, әкімшілік құқық бұзушылық, зияткерлік меншік және басқа да қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгертулер енгізу қарастырылуда.

Өткен жылы министрлік 2016 жылға Үкіметтің заң жобалары жоспарын әзірлеп, онда 26 заң жобасын әзірлеу, сондай-ақ биылға құқықтық саясатты жүзеге асыру бойынша жоспарды даярлады. Бұл жоспарға 19 шара енгізілген көрінеді. 

Қатысты Мақалалар