Астанада көп қабатты үйлердің бірінен құлаған қар жеңіл көлікке нұқсан келтірді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Tengrinews.kz–ке сілтеме жасап.
Зақымданған көлік қар құлаған үйдің жанында жолдың екінші бетінде болған. Көлік иесі қызын мектепке әкеліп, көліктен шыға берген сәтте қалың қар көліктің үстіне құлап түскен. Ауыр қар көліктің артқы терезесін шағып, жүк салғышты майыстырған.