Иран мұнай жеткізіліміне жаңадан қол қойылған келісім-шарттар бойынша есепті еуро валютасымен ұсынады, - деп хабарлайды Reuters Иранның ұлттық мұнай компаниясындағы (NIOC) дереккөзге сілтеме жасап. Оның айтуынша, әңгіме француздың Total, испандық Cepsa мұнай-химия корпорациясымен және ЛУКОЙЛ-дың трейдингтік бөлімшесі - Litasco компаниясымен келісімдер жөнінде болып отыр.
«Біз өзіміздің есептемелерімізге мұнайымызды сатып алушылардың жеткізілім сәтіндегі доллардың айырбас бағамымен еуромен төлеуге тура келетін пунктті енгіземіз», - деді агенттік сұхбаттасушысы. .
Reuters ЛУКОЙЛ мен Total түсіндірме беруден бас тартқанын, ал, Cepsa түсіндірме туралы сауалға жауап бермегенін атап өтеді.
Иран сондай-ақ өзінің әріптестеріне оған тиесілі миллиардтаған долларды американдық валютамен емес, еуромен алғысы келетінін айтты.
Агенттік сұхбаттасушысы ел санкция жағдайында болған кезде иранның Орталық банкі шетелдік есеп-қисапты еуромен жүргізу туралы шешім қабылдағанын айтты. Дереккөз доллардан бас тарту саяси себептерге байланысты екенін түсіцндірді.
Иранға бұрын американдық санкциялар нәтижесінде жабылған активтердің бір бөлігін пайдалануға рұқсат берілген. Әңгіме доллардағы емес, басқа валюталардағы, оман риалындағы және БАӘ дирхамындағы қаражаттар жөнінде болып отырғанын атап өтеді Reuters. Вашингтон жабылған активтердің жалпы сомасын 100 млрд. долларға (89,2 млрд. еуро) бағалап отыр, Тегеран санкция алынып тасталғаннан кейін шамамен жартысын алуға қол жеткізді.
Иран көп жылдардан бері мұнай саудасында халықаралық есеп айырысуларда доллардың орнына еуроны пайдалануды жақтап келеді. 2007 жылы Тегеран ОПЕК бойынша әріптестерін доллардан бас тартуға көндіруге тырысты, сол кездегі Иран президенті Махмұд Ахмадинежад долларды «пайдасыз қағаздар» деп атады.