АҚШ Израильге ХАМАС-тың үңгірлерін жою үшін 240 млн доллар бөлетін болды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы 24.kz-ке сілтеме жасап.
Ал, Газа секторымен шекаралас аймақта орналасқан тұрғындар жер астынан шығатын шуылға байланысты жиі шағымданатынды шығарыпты. ХАМАС-тың стратегиялық қаруы. Жер асты жолдарын ұйым осылай атайды. Оны салу да өте қиын. Құрылысқа қажетті материалдар израильдіктердің бақылауындағы Газа секторы арқылы бақылау өткізу пунктімен өткізіледі. Дегенмен оған жұмсалған қаржы өзін ақтап отыр. Үңгір Газа шекарасында тұратын еврейлердің зәре-құтын қашыруда. Жер астындағы шуылды әр тұрғын жақсы біледі. Бұл жердегі халық Израиль қорғаныс министрінен үңгірлерді жою жұмыстары неге нәтиже бермей жатқандығын білгісі келеді. Өйткені бұл жерде күнде апат болады. Үңгірдің қабырғалары ауыр салмақты көтере алмай, опырылып жатыр. Үйінді астында қалып жатқан құрылысшылар қаншама. Бір жағынан осы, екінші жағынан ХАМАС жетекшісінің Израильге жер асты арқылы шабуыл жасайтындықтары туралы мәлімдемесі үңгірді қиратуға түрткі болды. Екатерина Сумарованың үйінің терезесінен бүкіл Газаны бақылап отыруға болады. Оның айтуынша, осындай қорқынышты жаңалықтан кейін тұрғындардың біразы басқа жаққа көшіп кеткен.
Екатерина Сумарова, жергілікті тұрғын:
- Бұл жерден көшуге үңгірден келетін қауіп себеп болды. Халықтың көбі осы қорғаннан аулақ жерге қоныс аударуда. Өйткені үңгірден төнген қауіп өте өзекті мәселе, ол халықты күнделікті қорқынышта отыруға мәжбүрлейді.
Нахаль Оз – Газа секторына жақын орналасқан елді мекендердің бірі. Жергілікті халық биліктің әрекетсіз отырғанына наразы. Үңгірдің тұрғызылып жатқаны туралы 2014 жылы Израиль анклавта әскери операция жүргізіп жатқан кезде белгілі болған. Алайда ешбір нәтиже шығарылмады.
Алдын алу шараларын жүргізу қажет. Оны Израильдің билік басындағылар ғана емес, АҚШ та жақсы біледі. Екі ел диверсиялық үңгірлерді іздестіру жүйесін бірлесе жүргізу жобасына келісім жасады. Оны жүзеге асыруға 240 млн доллар жұмсау жоспарланып отыр.