ЕУРОПАДА БОСҚЫНДАРДЫ ОРНАЛАСТЫРАТЫН ОРЫН ҚАЛМАДЫ (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708215304461_small.JPG

Еуропа босқындарды қабылдауға әзір. Бірақ оларды орналастыруға орын қалмай барады, - деп хабарлайды 24.kz.

Ағылып барып жатқан мигранттардың көптігі сондай, кәрі құрлық елдері оларға пана боларлық жер таппай әбігерге түсіп жатыр. Әйтсе де кейбір мемлекеттер бұл мәселені оңтайлы шешуге тырысып бағуда. Мысалы, Германия билігі босқындарды бұрынғы концлагерьлерге жайғастырды. Сол сияқты әскери казармалар, стадиондар мен зираттар кірмелердің тұрағына айналған. Босқындардың қалың легі Австрия үкіметін де тығырыққа тіреді. Ал Австралияда шіркеу қызметкерлері «ғибадат ететін орындарды келімсектерге беруге дайынбыз», - дейді. Билік мигранттарды тіпті көршілес арал-мемлекеттерге депортациялауды жоспарлауда. Бірақ жергілікті шіркеу қызметкерлері кірмелер басқа жаққа күшпен көшірілгеннен кейін қорлық пен зорлыққа тап болуы мүмкін деп есептейді.

 

 

 

 

Қатысты Мақалалар