Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Шамшад Ахтар ханыммен кездесті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Кездесу барысында Ш. Ахтар «Алматы - 2020» даму бағдарламасы қаланы тұрақты дамытудың бірден-бір жолы екендігін атап өтті. Сондай-ақ ол әлемдегі ірі мегаполистерде даму мәселесіне айрықша назар аударылатындығын айтты.
Сондай-ақ, әлемде кеңінен насихатталып жатқан «Smart City» (Ақылды қала) тұжырымдамас да сөз болды.
«Бүгінгі күні Оңтүстік Корея осындай қалаларды қалыптастыру жағынан алда келеді. Таяу уақытта Үндістанда 100 ақылды қала пайда болса, Қытай 221 ақылды қаланы құратындарын жария етті», - деді Шамшад Ахтар.
Кездесу барысында БҰҰ Бас хатшысының орынбасары қала әкімі Б. Байбекті Тайландтың Бангкок қаласында өтетін Оңтүстік - Шығыс Азия елдерінің жыл сайынғы конференциясына қатысуға шақырды. Бұл конференцияда мегаполистерді дамыту тәжірибелері ортаға салынатын болады.
Кездесу соңында тараптар бұдан былай да жемісті ынтымақтастыққа сенімді екендіктерін айтты.
Пікір қалдыру