Фейсбук желісінде Бекболат Смағұлов деген қолданушы жариялаған видеода екі жігіттің екі полиция қызметкерімен төбелесіп жатқаны түсірілген.
Қолданушы оқиға Астана қаласындағы «Артем» сауда орталығы жанында болғанын жазады. Екі жігіт полиция қызметкерлеріне бой бермей, өздеріне қол көтеріп, соққыға жығады. Полицейлерге жандарынан өтіп бара жатқан адамдар араша түскен.
«Осындай жағдай АҚШ-та болған болса, шабуыл жасағандар басынан жараланып жатар еді», - деген пікір қалдырған қолданушы видеоға.
Пікір қалдыру