Жас математиктеріміз халықаралық жарыстан жүлдемен оралды

/uploads/thumbnail/20170709061516915_small.jpg

2016 жылдың 27 тамызында Түркия мемлекетінің астанасы  Анкара қаласында мега менталды арифметикадан ашық халықаралық "MEMORIAD 2016"  чемпионаты өтті, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Бұл чемпионатта әлем бойынша 5-12 жас аралығыдығы 213 оқушы қатысты. 

Турнир екі турдан тұрды: 1 тур -"Дыбыстық анзан" и 2 тур "Flash Anzаn", екі турда 0,3 сек ауысу жылдамдығымен ауысатын 30 біртаңбалы саннан бастап, 10 төрттаңбалы санға дейін сандарды ойша есептеу керек. Чемпионатта Қазақстаннан барған 7 оқушы өз бақтарын сынап көрді.  Бұл оқушылар Мега Интеллект бағдарламасы бойынша Алматы қаласындағы Elite school мектебінде білім алуда.

Чемпионат нәтижесі:   12 жас аралығында: 2 орын – Байжақып Марғұлан; 3 орын – Әділсеитов Әрсен; 5 орын – Пралиева Жібек;  9 жасар аралығында: 3 орын – Қамытбек Дулат; 7 жас аралығында: 2 орын – Байжақып Әлфия; 3 орын – Байжақып Қайнар; 5 орын – Айтқұл Жантөре. Жалпы есеп бойынша бірінші 50 ке кірдік. Республикалық олимпиадада абсолютті чемпион атанған  Байжақып Марғұлан, енді мемлекетіміздің намысын 3-11 қараша аралығында Лас Вегаста өтетін олимпиадада қорғайтын болады. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи