Microsoft Hololens компьютерінің таңғажайып мүмкіндіктері (ВИДЕО)

    Microsoft Hololens компьютерінің таңғажайып мүмкіндіктері (ВИДЕО)

    Бүгінгі заман – технология заманы. Қазіргі таңда, біз технологияны өмірдің бар саласында пайдаланамыз. Олар бізге таңғажайып мүмкіндіктер береді.

    Технология күннен күнге даму үстінде. Microsoft мамандары болашақ компьютерін ойлап тапты. Ол - Microsoft Hololens, көзілдірікті компьютер.

    Microsoft Hololens – голограмма әлемі. Компьютер басқа киіледі және ешқандай сымдарсыз жұмыс атқарады. Болашақ компьютері қимылдармен басқарылады. Курсордың орнына – көрініс, ал контроллер батырмалар орнына – қимылдар.

    Microsoft Hololens қандай мүмкіндіктер береді?

    Жаңа идеялармен бөлісудің, үйрену мен үйретудің - жаңа тәсілдері. Кез келген жұмыс процесін жеңілдетеді. Сонымен қатар, біз болмаған жерлерді көріп зерттеуге, елестеткен нәрселерді шынайы өмірде жасауға мүмкіндік береді. Бұл компьютерді барлық салаларда қолдана аламыз. Сондай-ақ, Microsoft Hololens арқылы кез келген саланы әрі қарай дамытуға болады.

    Бағасы шамамен 3000$.

    Microsoft Hololens арқылы біз өмірді өзгерте аламыз!

    Қамшыгер: Даяна Ишанхан

    Қатысты Мақалалар

    Бұлар ... өмірде жоқ...

    Бұлар ... өмірде жоқ...

    20:39, 25 мамыр 2019