Путин Трампқа алғыс айтты

/uploads/thumbnail/20171122124237564_small.jpg

Ресей президенті Владимир Путин Санкт-Петербургте және басқа қалаларда теракт ұйымдастырмақ болғандар жайында ЦРУ ақпаратпен бөліскені үшін АҚШ президенті Дональд Трампқа телефон арқылы алғыс білдірген.

Жексенбіде телефон арқылы әңгімеде Путин Трамқа ЦРУ директорына жеке алғысын жеткізуін сұраған. Бұл жөнінде Кремльдің баспасөз қызметі хабарлайды.

Телефонмен сөйлесу кезінде Ресей президенті егер АҚШ-қа қарсы қандай да бір теракт ұйымдастырып жатқаны жөнінде ақпарат болса, міндетті түрде Құрама Штаттар билігіне жеткізетініне уәде берген.

Ресей арнайы қызметінің ақпаратына қарағанда, АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы (ЦРУ) Санкт-Петербургтегі Қазан шіркеуінде жиһадшылардың қатысуымен теракт ұйымдастырылып жатыр деген ақпарат берген.

Күдіктілер 14 желтоқсанда ұсталған. Олардың ішінде Дағыстан, Ингушетия және Тәжікстан азаматтары бар. Ұсталғандар өздеріне тағылған айыпты мойындамайды. Олар қаруды Ресейдің арнайы қызметі "тығып" жіберді деп есептейді.

Связанные Статьи