Өзбекстанда кәдесый ретінде Арал теңізінің ауасы сатылады.
Бүгінде жеке кәсіпкерлер түрлі магнит, тәрелке, әшекейлер сату арқылы қомақты табыс тауып отыр. Ал Өзбекстанда «Арал теңізінің ауасы» деп жазылған құты да кәдесый ретінде сатылады екен.
Құтының бетінде әлемдегі ірі теңіздің ғарыштан түсірілген суреті бейнеленген. Ауадан табыс табуды жеке кәсіпкер Айдос Диорбек ойлап тапты. Оның айтуынша, құтыны сатып алған турист ауа ғана емес, Арал теңізінен жарқын естеліктерді де өзімен алып кетеді.

Ауаға толы құты кәдесыйы әлемнің түрлі қалаларында сатылады екен. Мәселен, Париж, Берлин, Мәскеу және Алматы ауаларын сатып алуға болады. Тель-Авив қаласында түрлі елдің ауасы бар хош иістендіргіш сатып алуға болады. Құтыны ашқан сәтте теңіздің не өзге қаланың иісі бөлмені жайлайды. Ал Исландияда тек ауа емес, жаңбыр, сонымен қатар тұман да саталады.