14 Тамыз, 2019 NEWS
Халық емшісі емдеген бала көз жұмды
Тәуіптің тәуірі бар, сынықшы да өзара сарапталмақ.
Шымкент шаһарында халық емшісі қолының сынығына ем жасаған 13 жастағы бала бақилық болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметіне сүйенсек, баланы халық емшісі қараған. Бала өлімінің бір нұсқасы осы халық емін жасаған тәуіпке тіреліп тұр.
Дәстүрлі емес медицинаның түрі баланы емдеймін деп өлімге әкеліп соғуы әбден мүмкін. баланың ата-анасы 12-тамыз күні кешке жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болған.
Дегенмен, 2006 жылы өмірге келген бала дәрігерлер келемін дегенше көз жұмған. Халық емшісіне баланы ата-анасы алып барған. Қазір жедел тексеру тобы аталған факті бойынша жұмыс жасап жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір