• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

25 Қаңтар, 13:59:42
Алматы
-3°

Елдегі жоғары оқу орындарында білім алатын 10 студенттің жетеуі ақылы негізде оқиды. Яғни жалпы 604 мың студенттің 424 мыңы алған білімі үшін ақша төлейді, деп жазады 24.kz

Ал мемлекеттік грантпен оқитындар саны 180 мыңнан сәл асады.

2019-2020 оқу жылында Қазақстанда 125 жоғары оқу орны тіркелген. Оның жартысынан астамы – жеке университеттер.

Былтырғы қаңтар-қыркүйек аралығындағы мәліметке қарағанда жоғары білім беру саласындағы қызмет ақысы 10 процентке өсті. Осылайша қызмет үшін алынған қаржының жалпы сомасы 229 жарым миллиард теңгені құрады. Оның 37 проценті Алматы қаласындағы университеттердің үлесінде. Үштікке Нұр-Сұлтан мен Қарағанды облысының жоғары оқу орындары да кіреді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жоо Студент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір