28 Қаңтар, 2020 NEWS
building-tech
ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Дубайда өтетін Ехро 2020 көрмесіне қатысуға бөлініп қойған қаражат көлемі қайта қарастырылуы мүмкін екенін айтты.
Руслан Дәленов үкіметте өткен баспасөз жиынында Дубайдағы көрмеге қатысты қойылған сұраққа жауап берді.
"Осы және басқа да сұрақтарды, әсіресе осы сұрақты біздің комиссия қарастырады. Бұл шығындардың тиімділігі, бізге не беретіні мен елге қаншалықты инвестиция тарта алатыны комиссияда қаралады. Егер комиссия бұл шығындардың тиімсіз екенін дәлелдеп жатса, дұрыс шешім қабылданады. Жалпы, біз енді әрбір форумға бөлінетін ақшаның тиімділігін қарастыратын боламыз", - деді министр.
Министрдің сөзінше, Қазақстанның Дубайдағы Expo 2020 көрмесіне қатысуы тиімді екенін сауда министрлігі дәлелдеуі тиіс.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір