04 Ақпан, 2020 Аймақтар
Қасірет: Алматы облысында тағы екі сәбидің өмірін өрт қиды
Алматы облысында айдың-күннің аманында бейкүнә екі сәби қызыл өрттің құрбанына айналды. Жас өлімге тағы сол жеке тұрғын үйден шыққан өрт себеп болған.
Фото: 7-su.kz
Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті мәлім етті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, кеше сағат 13:16-да өртке қарсы қызмет өкілдеріне Талғар ауданына қарасты Өстемір ауылындағы жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар түседі.Алайда оқиға орны өрт сөндіру бөлімшесінен 35 шақырым жерде болғандықтан, құтқарушы топ келіп жеткен кезде бүкіл үй қызыл жалынға оранады.
Осы ретте, Төтенше жағдайлар комитеті өрттің шығу себебі анықталып жатқанын жеткізді.
"Сағат 14.14-те өрттің таралуы тоқтатылып, сағат 14.21-де толығымен сөндірілді. Жалын шарпыған аумақ 77 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер жеткенге дейін көршілер өртеніп жатқан үйден 2016 және 2017 жылдары дүниеге келген екі баланы шығарып алған. Балалар аудандық ауруханаға барар жолда жарақат салдарынан "Жедел жәрдем" көлігінде көз жұмды. Өрттің шығу себебі анықталуда", - дейді аталған ведомство өкілдері.
Айта кетейік, өртті сөндіруге Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 8 маманы мен 2 техникасы жұмылдырылған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір