• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 08:43:14
Алматы
+12°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктердегі жауапты хатшылар институтын таратуды тапсырған болатын. Президент бұл құрылым өзін ақтамады деп санайды.

Президенттің үкімімен 15 шенеунік лауазымынан босатылатын болады:

  1. Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы – Арман Жұмабеков; 
  2. Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы – Қанат Сәрсембаев;
  3. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы – Жанат Қожахметов;
  4. Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы – Бақытжан Берікбайұлы;
  5. Ауыл шаруашылығының жауапты хатшысы – Марат Оразаев; 
  6. Сауда және интеграция министрлігінің жауапты хатшысы – Жәнібек Гупиров; 
  7. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы – Аида Құрманғалиева; 
  8. Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы – Айдын Ашуев; 
  9. Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы – Әнуар Ахметжанов; 
  10. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауаптшы хатшысы – Сәбит Нұрлыбай;
  11. Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы – Талғат Момышев;
  12. Әділет министрлігінің жауапты хатшысы – Азамат Әмірғалиев;
  13. Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы – Әркен Өтенов; 
  14. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы – Мереке Пшембаев;
  15. Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы – Әсем Нүсіпова. 


Айта кетейік, Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппаратты 25 пайызға қысқартуды тапсырған болатын. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір