Samsung концернінің төрағасы Ли Гон Хи 79 жасында қайтыс болды, деп хабарлады Риа НОВОСТИ порталы.
Сайт мәліметінше, Ли Гон Хи жексенбіде Сеулдегі Samsung ауруханасында қайтыс болды.
Ол 1942 жылы дүниеге келген. 1987 жылы Samsung-тың негізін қалаған әкесінен кейінгі екінші төрағасы болды.
Ли Гон Хи 2014 жылы инфаркт алып, содан кейін корпорацияны бақылау іс жүзінде оның ұлы, Samsung Electronics еншілес компаниясының вице-президенті Ли Чжэ Енге өтті.
Ли Чжэ Ен концернде билікті қолға алған кезінде Samsung Group-ты бақылау үшін корпорация ішіндегі компанияларды біріктіру кезінде заңсыз алаяқтыққа қатысқан деген күдікке ілінген.
Ли Гон Хидің Ли Чжи Еннен басқа Ли Бу Чжин мен Ли Су Хен атты қыздары бар. Ли Юн Хен деген қызы 2005 жылы өз-өзіне қол жұмсаған.
Пікір қалдыру