Вакцинаның екінші дозасын салғызбаса не болады?

/image/2021/07/21/crop-130_11_782x1043_priv.jpg

Кейбір адамдар коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алып, екіншісінен бас тартып жатады. Мәскеу мемлекеттік университеті биология факультеті вирусология кафедрасының профессоры Алексей Аграновский екінші дозаны салдырмаудың салдары туралы айтты. Бұл туралы abnews.ru сайты мәлімдеді.

– Бұл эпидемиология тұрғысынан дұрыс емес. Бір ғана компонентті салдырса, иммунитет әлсіздеу болады, – деді профессор.

Маманның айтуынша, вакцинация курсын толық аяқтамағандар коронавирус жұқтыруға бейім болады.

– Мұндай адамдар үшін, әсіресе, "дельта" штаммы өте қауіпті. "Спутник V" вакцинасы Уханьның бастапқы штаммынан 90%, ал "дельтадан" 80% қорғайды. Мұның бәрі дұрыс жұмыс істеу үшін схема бойынша вакцина салдыру қажет, – деді Аграновский.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар