• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 10:41:02
Алматы
+35°

Ауғанстанның шығысындағы Хост провинциясындағы діни мектепте жарылыс болды. Салдарынан 7 адам қаза тауып, 17 адам жараланды, деп хабарлады РИА Новости.

Ауғанстан уақытша билігінің ішкі істер министрлігі діни мектепте қол гранатасы жарылғанын мәлімдеді.

Бұған дейін осыдан бірнеше күн бұрын Кабулдағы Идгах мешітінде жарылыс болған. Ол кезде 12 адам қаза тауып, 32 тұрғын жараланған.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, оқиғадан кейін үш адам қамауға алынған. Бұл оқиға бойынша жауапкершілікті ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) лаңкестік тобы алды.

Талибан өкілдері Ауғанстан әскеріне шабуылды күшейтіп, 15 тамызда Кабулды басып алған. Келесі күні олар соғыстың аяқталғанын хабарлап, барлық аумаққа бақылау орнатқанын жариялады.

Тәлібтерден құтылудың соңғы мүмкіндігі – Кабул әуежайы болғандықтан тұрғындар әуежайдың ұшу-қону жолағына баса-көктеп кіріп, ұшақтарға отыруға талпынды. 

​26 тамызда тұрғындар көп шоғырланған Кабул әуе жайында жойқын жарылыс болып, мыңдаған адам зардап шекті.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ауғанстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір