• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:11:53
Алматы
+35°

Қытай экономикасы соңғы үш айда ең баяу қарқынмен өсті. Бұл – биылғы ең төменгі көрсеткіш.

Дүйсенбіде жарияланған мәліметтер Қытайдың үшінші тоқсандағы жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) 4,9 пайызға өскенін көрсетті. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда ең төменгі көрсеткіш. Өсім экономистер күткеннен де төмен болып отыр. 

Сарапшылардың пікірінше, электр қуатының жетіспеушілігінен, жеткізілімнің қиындыққа ұшырауынан және пандемия салдарынан Бейжіңде дағдарыс күшейе түскен. Алаңдаушылықтардың артуымен саясаткерлерге қысым күшейді.

Қытай ұлттық статистика бюросының өкілі Фу Лингхуй дүйсенбіде "Біз қазіргі халықаралық белгісіздіктердің өсіп келе жатқанын және (Қытайдың) ішкі экономикасының қалпына келуі әлі де тұрақсыз және біркелкі емес екенін ескеруіміз керек" деп мәлімдеді.

Сонымен қатар, Қытай өнеркәсіптік өндірісінің өсімі қыркүйекте 3,1 пайызға дейін төмендегені хабарланды.

Оксфорд университеті Азия экономикасы бөлімінің жетекшісі Луи Куйс Қытай экономикасы жағдайына талдау жасап, "өсудің төмендеуі жылжымайтын мүлік нарығының сыр беруіне байланысты болды" деді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай экономика

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір