• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 19:04:31
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой   20 қазаннан бастап карантин шаралары жеңілдейтіні туралы айтты. Денсаулық министрі бұл туралы үкімет отырысында хабарлады.

2021 жылдың 20 қазанынан бастап:

Келушілер COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжатты немесе ПТР анықтамасын ұсынған кезде қарттар мен мүгедектер үйі, балалар үйі сияқты медициналық-әлеуметтік объектілердің пациенттеріне баруға рұқсат беріледі.

Түнгі клубтардың қызметі тек "жасыл" мәртебесі бар адамдарға рұқсат етіледі, бірақ:

  • толымдылығы 50%-ға дейін, "жасыл аймақта" 100 адамнан артық емес;
  • "сары аймақта" 70 адамнан артық емес;
  • "қызыл аймақта" 50 адамнан артық емес болуы шарт.

Ashyq жобасына қатысатын бизнес объектілерінің:

  •  жұмыс уақыты "жасыл аймақта" сағат 03-00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары - сағат 05-00-ге дейін, 
  •  "сары аймақта" сағат 01-00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары - сағат 03-00-ге дейін ұзартылады.

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Карантин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір