1500-ден астам азаматқа қандас мәртебесі берілді

/image/2021/11/01/crop-116_23_356x475_114331576800.jpg

«Елге ел қосылса — құт» демекші, елімізге 1990 жылдары бастау алған ұлы көш бойынша туған елдің топырағына, атажұртына деген сарғайған сағынышын арқалап, қандастар ағылуда.

Қоныс аударған қандастардың басым бөлігі Өзбекстан Республикасынан келгендердің үлесінде. Көрші елден 1516 адам қазақ еліне қоныс аударуды жөн көріпті. Сондай-ақ, Ауғанстаннан 11, Қытайдан 5, Ресейден 3, Тәжікстаннан 2 адам, Түркменістаннан 1 адам, Түркиядан 1 адам шымқалаға табан тіреді.

Жалпы Шымкентте биылғы жылдың 1 қазанына дейін 1539 адамға қандас мәртебесі берілді. Келушілер қоныстану тенденциясы бойынша Шымкент қаласының әр ауданына орналасты.

Айта кету керек, Шымкент қаласында қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы бар. Ол жерде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметін көрсетеді. Бүгінгі таңға орталықта 9 отбасы құрамында 21 адам бейімдеу қызметін алып жатыр.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар