Қазақстанда баспана жалдау құны қаншаға қымбаттағаны белгілі болды

/image/2021/11/05/crop-82_6_826x1101_01.jpeg

2021 жылдың қазан айында пәтер жалдау жалға құны  былтырғы кезеңмен салыстырғанда 18,5 пайызға өскен, деп хабарлады Energyprom.kz сайты. 

Сайт мәліметінше, аренда бағаны  қыркүйек айында 1,1 пайызға өскен. Пәтердің жалдау ақысы ай сайын өсіп отыр, шілдеде бірден 4,2 пайызға қымбаттаған. 

"Қыркүйекте пәтерақы әсіресе Нұр-Сұлтанда (шаршы метріне 3443 тг), Алматыда (шаршы метріне 3062 тг), Ақтау (шаршы метріне 2359 теңге) және Түркістанда (шаршы метріне 2307 теңге) қымбаттаған.

Ал Таразда (шаршы метріне 1370 тг), Қызылордада (шаршы метріне 1398 тг) және Семейде (шаршы метріне 1452 тг) тұрғын үйді жалға алу арзандай түсті"  делінген хабарламада. 

Өңірлер бойынша қымбатшылық Алматы облысында 4,2 пайыз. БҚО-да – 37,4 пайыз. Алматы мен Шымкентте 35 пайызға дейін көтерілген.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар